3-4 «Б» сыныбында «Тәуелсіз Қазақстанымыз» интеллектуалды ойыны өткізілді.Оқушылар 2 командаға бөлінді. Ойын 4 айналымнан тұрды: Шешен, бәйге, полиглот және көкпар. Оқушылар Отан тақырыбына кластер құрып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы сұрақтарға жауап берді, орыс мақал-мәтелдерін ағылшын, қазақ тілдеріне аударды. Барлық балалар жұмысқа белсене қатысты, іс-шара соңында оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.