Нашақорлық проблемасы бұрыннан дүниежүзілік проблемаға айналды. Нашақорлық – есірткіні абайсызда (немесе әсер ету, қысыммен) қолданудан басталатын, одан кейін есірткіге тәуелділік қалыптасатын ауыр ауру. Студенттер «Есірткіге ЖОҚ!» флешмоб ұйымдастырды. Флешмоб акциясының мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру.