7 сәуірде бүкіл әлем халқы Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеді. Бұл күні дүние жүзінде спорттық жарыстар мен мерекелер өтеді. Мектебімізде Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған линейка өтті. Онда денсаулық деген не, мұндай күнді не үшін өткізу керек және оның мақсаты қандай екендігі туралы көп айтылды. Жігіттер сап түзегеннен кейін іс-шаралар жоспары туралы толық ақпарат алды.