Қазақстан халқының бірлігі күні – 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елдің бейбіт өмір сүруі үшін аса қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Мерекеге орай 1-11 сыныптар арасында «Достық шаңырағы астында» тақырыбында бірлік сабақтары өтті. Бірлік сабақтары отансүйгіштікке, мәдени-адамгершілік құндылықтарға, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.