Т"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жоба аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай мектебімізде тыл ардагері Лотоцкая Климентина Каспаровна ның қатысуымен кездесу өтті. Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті. Әжейдің әңгімесін мектеп ұжымы ұйып тыңдады. Аталған іс-шараны Amanat партиясының белсенді мүшелері ұйымдастырды. Климентина Каспаровна 1932 жылы Одесса қаласында дүниеге келген. 1943 жылы Варшавада қуылған екен. Содан 1946 жылдың 3-ші қаңтарында Қазақстанға, атап айтқанда Казахская бекетіне отбасымен бірге қоныс аударады. Сол кезде жергілікті халық, өздерінің де жайы мәз болмаса да, құшақ жая қарсы алғанын мақтана айтады. Міне сол күннен бастап осы күнге дейін осы жерде тұрып келеді. Климентина Каспаровнаның өмірі - жастар үшін үлгі- өнеге. Өйткені 9 жастағы жас бүлдіршін соғыстағы жауынгерлерге шұлық, қолғап тоқып, Жеңіске жету үшін өз үлесін қосқан. Еңбек жолын 14 жасында темір жолда бастап, зейнетке шыққанша дейін осы салада еңбек еткен. Қазір 90-нан асқан әжей балаларының, немерелерінің қызығына бөленіп жүр. Климентина Каспаровнаға мықты денсаулық, күш-қуат тілейміз!