24.06 «Солнышко» мектеп жанындағы лагерьдің сегізінші күні, екінші ауысым, «Тату жігіттер» жасағы. Күннің тақырыбы: Бокс күні. Жігіттер бой қыздырып, Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды саяхатпен танысты, «Судағы өзін-өзі ұстау ережелері» сөзжұмбағын шешті. «Кедергілер жолы» сайысына белсене қатысып, шеберлік сыныбында «Тырналар» жасап, саусақпен, алақанмен «Ағаш» суретін салды.