«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҚСЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ

ТАРАСОВКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарының назарына!

17.07.2024

Мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарының назарына!
2011 жылдан бастап аймақта талап етілетін мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдерінде оқитын студенттерге Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысы тағайындалады. Бұл әлеуметтік осал топтағы жастарға қолдау көрсетуге және оларды сапалы кәсіптік білім алуға ынталандыруға мүмкіндік береді. 
Облыс әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындау шарттарына сәйкес үміткерлер келесі критерийлерге сәйкес келетін студенттер бола алады:
- Ақмола облысында кадр тапшылығын тудыратын мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттер;
- оқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік осал топқа жататын студенттер;
- көпбалалы отбасы;
- жетім немесе ата-анасының қамқорынсыз қалғандар;
- 1 және 2 топ мүгедектері;
- 1 топ мүгедектің бір ата-анасы немесе екі ата-анасы;
- мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
- толық емес отбасы;
- азық-түлік себетін, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегіне дейінгі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша балалар жәрдемақысын алушы болып табылатын отбасы;
- оқу үлгерімі өте жақсы және оқу үлгерімі жақсы жастар ұйымдарының мүшелері және белсенділері болып табылатын студенттер;
- мәдениет және өнер саласында жоғары жетістіктері бар студенттер (халықаралық шығармашылық байқаулардағы, конкурстардағы жүлделер және т.б.);
- әр түрлі спорт түрлері бойынша жүлделі орындарға ие болған (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары немесе халықаралық чемпионаттары немесе олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша халықаралық чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болған) студенттер.
Диплом алғаннан кейін студент жұмыс істеп грантты немесе шәкіртақыны өтемесе, онда өз еркімен немесе сот шешімімен оқуға кеткен ақшаны қайтарады.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АТАУЛЫ ШӘКІРТАҚЫСЫ ТАЛАП ЕТІЛГЕН МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ТЕГІН БІЛІМ АЛУДЫҢ ЖАҚСЫ МҮМКІНДІГІ!
 
 
Просмотров: 177


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст