20 тамызда «Островская орта мектебі» КММ-де «Жаңа оқу жылындағы білім беруді ұйымдастыру. Қашықтықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады» бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібі: 1. Жаңа оқу жылындағы білім беру форматы. 2. Дәстүрлі тәртіпте оқудағы санитарлық талаптардың сақталуы. 3. Қашықтықтан оқыту: оқушының оқуы мен бос уақытын қалай ұйымдастыруға болады. 4. Интернетте қауіпсіз шарлауға арналған кеңестер.